ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫНА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

  1. Шыдам жинап, моральді түрде дайындалыңыз!!!  Егер сауатты жазуға талпынысыңыз болмаса, нәтиже де болмайды.
  2. Көп оқыңыз!!! Осылай сіз көру есіңізді (зрительная память) дамытасыз.Классика оқыңыз. Қазақтың көрнекі ақын-жазушыларының кітаптарын оқыңыз.Өйткені заманауи кітаптарда қателер бар. Және ең басты факторлардың бірі- өзін қалаған кітапты оқу.Осы фактордан сіздің табысқа жетуіңіз бен уақыттың үнемділігі байланысты. Біреулер фантастиканы ұнатса, біреулерге өлең сөзбен жазылған шығармалар ұнайды. Ең бастысы, кітапты қызығып, бар ынтамен және түсініп оқу. Және тыныштықта, ешкім сізді мазаламайтын жерде оқу керек.
  3. Дауыстап оқыңыз!!! Дауыстап оқу- есту жадыңызды дамытады. Бірақ оқығанда, кітапта жазылғандай және буындап оқыңыз. Үтір тұрған жерде кідіріс жасаңыз. Бұл сіздің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге септігін тигізеді.
  4. Әр күн кітаптің 10 бетінен көшіріп тұрыныз! Немесе диктанттар мен шағын мәтіндерді көшіріңіз.Осылай сіз дұрыс жазу сауаттылығыңызды дамытасыз.
  5. Шағын мәтіндерді жаттау.Бұл сіздің есте сақтау қабілетіңізді дамытады .Ал сауатты жаза білу үшін есте сақтау қабілетіңіз де жақсы болу керек .Өлеңдерді , мәтіндерді жаттау да пайдалы . Мәтіндерді жаттау әрине қиын , бірақ бірнеше жатталған мәтіндерден кейін келесі мәтіндерді еш қиналмастан жаттай аласыз .
  6. Осы істермен күнделікті айналысып жүріңіз.Диктанттар жазыңыз . Әрдайым өзіңізді тексеріп жүріңіз. Немесе бір әңгімені оқып,мазмұндама жазыңыз.Және,есіңізде болсын,сауатты жазу-Алланың берген сыйы емес,тыңбай жасаған жаттығуларыңыздың нәтижесі.
  7. Жұп болып жұмыс жасаңыз!!!Нәтижелеріңіз одан да жақсы болғанан қаласаңыз, досыңызды да шақырыңыз. Бұл жайлы ой толғап, бір-бірлеріңіздің қателерін жөндеп отырасыз. Ол да бізге көмектеседі. Және жиі қазақ тілінде диалог құрып отырыңыз.
  8. Орфографиялфқ сөздік сатып алыңыз!!! Сөздік- сөздерді көшіріп алу үші емес, қателеріңізді тексеру үшін қажет. Егер сөздікті сатып алу мүмкүндігіңіз болмаса ғаламтордан тексеріп алсаңыз болады.
  9. Өзіңіз үшін емлесі (жазылуы) қиын сөздерге арналған сөздік қолданыңыз!!! Бұл сөздікке сіз үшін жазылуы еш қалай есте сақталмайтын сөздерді жазып отырасыз. Сөздікке көз тастай отырып, осы қиын сөздерің жазылуын бірте-бірте жаттап аласыз.

Пікір қалдыру