Quizlet-оқушы білімін электронды әдіспен толықтыру және тексеру жолы

Оқушылардың білімін тексеруде, жаңа сөздер мен терминдер үйренуде, ережелерді еске сақтауда аталған әдісті қолдану оқушының есте сақтауын жақсартады.

Бұл сайт-электронды білім тексеру жолы.Оқушы бұл жұмысты мұғалімнің қатысуымен немесе өзі жеке үйде де, сыныпта да орындай алады. Жұмысты орындап болған соң, дұрыс бұрыстығы тексеріліп, ұпай беріледі.

Жұмыстың маңыздылығы:

  • тез арада негізгі мәліметтер есте қалады
  • өз білімін тексереді
  • уақыт пен жылдамдыққа жұмыс жасайды
  • қызығушылығы артады

Сайттың функциялары:

  • flashcards – карточкалармен түсіндіру
  • learn – классикалық тестке жауап беру

Сынақтың үш түрі бар:

  1. классикалық тест
  2. ашық тест
  3. дұрыс немесе қате деген жауапты тест

 

  • Scatter – сәйкестендіру

  • Gravity – жылдамдыққа ойналатын ойын, үстінен сұрақтар шығып отырады, соларға тез жауап беру керек