Диктанттар мен мәтіндер жинағы

7 сынып
Бауырсақ

Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.

Қымыз

Қымыз—қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қазақтың ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста сақталады. Қымызды ағаш күбіге немесе торсыққа ыстайды. Ысталған қымыз тәтті болу үшін қымызға жылқының қазысын немесе жалын салып қойып, көп піседі. Алғашқы қымызды ауылдың қарияларын шақырып таттыру рәсімін орындаған. Ол ырымдар бие сүтінің мол болуын тілеуге, бата беруге арналған. (63 сөз)

Бөрік.

Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік, жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады. Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген. (69 сөз)

Ермегім-кітап оқу.

Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалім сабақ берді. Бір күні ол сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғаларын» дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отырды. Сабақта біз оны оқып үлгермедік. Кейін мен оны бір жолдасымнан алып, қызыға оқып шықтым. Содан бастап менің ермегім тек қана кітап оқу болды.

Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алу керек. (76 сөз).

Интернет туралы ұғым

Интернет-жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған. Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдерді біріктіреді.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. (65 сөз)

Интернеттiң негiзгi қосымшалары.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.

E-mail-электрондық пошта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады. (63 сөз).

8 сынып
Ауылда.

Өткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама көмектестім. Ауылдағы өмір өте қызық. Ерте әтештің шақырған дауысымен ояндым. Апам бие сауып жатыр екен. Атам малдарды жайлауға шығарып жатыр екен. Мен сиырларды өріске қосып келдім. Сосын атам екеуіміз қозы– лақтарды қораға шығарып, құстарға жем салдық. Осы кезде апам бізді дастарханға шақырды. Барлығымыз жазғы ас үйде отырып таңғы асымызды іштік. Апам бәрімізге үлкен кесемен ыстық сүт құйып берді. Сосын біз атам екеуіміз шөп шаптық. Кешке достарыммен алтыбықан тептік. Осылайша, бір күннің қалай өткенін білмей қалдым.

(87 сөз)

Тамақ түрлері.

Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпады. Тамақ арқылы адам ағзалары белок, май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі витаминдер қамтамасыз етіледі.

Біздің қандай тамақ түрін жейтініміз тұрған жерімізге байланысты. Қытайдың оңтүстігінде күріш, ал солтүстігінде кеспені көбірек жейді. Жапон елінде адамдар балық, Орталық Еуропада ет тағамдарын молырақ пайдаланады.

Қазіргі кезде азық-түлікті жер шарының бір түкпірінен екінші түкпіріне тасымалдауға болады. Сондықтан тамақтың қай түрін жегің келсе,

мүмкіндігін бар.

(76 сөз) (

Түркістан қаласы

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихы- мен тығыз байланысты. Орта ғасырларда Қазақ хандығының ордасы болады. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.

Қазір Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.

Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.

Астана – бас қала

1998 жылдың 6 мамырда Ақмола қаласын Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Қазір Астана – Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.. Ол – өте көркем қала.

(83 сөз)

Есентай Ерботин

Есентай Ерботин 1940 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында колхозшы шаруаның отбасында дүниеге келген. 1959 жылы онжылдық мектеп бітіріп, әскери қатарға шақырылған. Есентай Ерботин Қарағандыдағы педагогикалық институтың филология факультетін 1967 жылы бітіріп, біраз уақыт ауылда мұғалім болады.

Әдебиет мұғалімі Е.Ерботин енді өзін журналистика саласында байқап көргісі келеді де облыстық «Қызыл ту» газетінде және кейіннен Павлодар облысындағы Қазақ радиосының тілшісі болып жұмыс істейді.

Есентай Ерботин көптеген кітаптардың авторы, ақынның «Серік пен Берік», «Менің досым», «Далаға саяхат» сияқты шығармалары оқырмандарға таныс. Еңбектерінің бірі – «Балалар бала болғанда» атты жинағы

(85 сөз)

Досымның күн тәртібі

Менің досым – Әсет. Ол сегізінші сыныпта оқиды. Ол – өте ұйымшыл бала. Оның жұмыс күні сағат жетіден басталып, кешкі онға дейін созылады. Таңертеңнен түске дейін сабақтар өтеді. Сонда сабақтарға белсенді қатысып жақсы баға алуға тырысады.

Ең жақсы көретін уақыты – сабақтан кейінгі уақыт. Әсет сурет салуды жақсы көреді, сондықтан «Суретшілер» тобының мүшесі. Біз мейрам күндері, сыныптастарымыздың туған күні қарсаңында қабырға газетін шығарамыз. Біздің суретіміз құрбы-құрдастарымыздың көңілінен шығады. Осы уақыт аралығында ол тоқтамай жұмыс жасай береді. Ол сыныптастарына әрдайым көмектесіп жүреді.

Мен өз досымды мақтан етемін.

(84 сөз)